2024 жылы Қазақстанның барлық аймағында 5G қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты.
«Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді Асхат Оразбек.
Оның айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан 5G желісімен қамтылған.
«5G енгізу трафик тұтынудың шамадан тыс өсімімен қатар 4.0 индустриясының, ақпараттық технологиялардың, ақылды үйлердің дамуына алып келетіндігін түсінеміз. Әрине, бұл жасалуы тиіс тренд болып тұр. Оны операторлармен бірге жасаймыз. Мұны қалай жасау қажеттігіне қатысты нақты ұстанымыз бар», — деді ол
Вице-министр 2024 жылы 5G қолжетімді болатынын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!