Фото: elements.envato.com
Елімізде қолыңыздан келетін немесе компанияңыз ұсынатын қызметті жариялауға мүмкіндік беретін хабарландыру сайттары бар. Алайда қазақстандықтар онда кез келген қызмет түрін ұсына алмайды.
Massaget.kz тілшісі сайттарда ұсынуға тыйым салынған қызметтердің тізімін ұсынады.
Редакция бұған дейін Қазақстанның хабарландыру сайттарында сатуға болмайтын тауарларды тізген болатын.
ҚР заңнамасымен шектелген:
- Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қол сұғылмаушылығына қол сұғатын қызметтер;
- Бәс тігуге қатысты құмар ойын жүйелерінде көмек көрсетумен байланысты қызметтер.
Сұлулық пен денсаулық саласында ұсынуға тыйым салынады:
- Донорлық қызметтер (қан/енуыз және т.б. тапсыру/сатып алу);
- Суррогат ана қызметтері.
«Донорлық және суррогат ана қызметтерін өз бетіңізше ұсынуға тыйым салынады. Адамдарға мұндай қызмет көрсеткіңіз келсе, мемлекеттік және лиценциясы бар медициналық орталықтарға ғана бара аласыз».
Қаржылық қызметтер, материалдық және валюталық құндылықтар
- Күмәнді қаржылық қызметтер туралы ұсыныстар, кез келген басқа қаржылық қызметтерді алуға көмек көрсету қызметтері. Мысалы «Бір сағат ішінде кепілсіз несие ал», «расталған салық несиесін сату/айырбастау» және тағы басқа);
- Агенттік қызметті, сауда өкілдігін немесе басқа мүшелерді, субагенттерді, субдистрибьюторларды жалдауды, қор нарықтарында табыс ұсынуды, трейдердің оқуын және қызметін (Форекс-трейдинг, MMCIS және т.б.) талап ететін кез келген басқа қызметті ұсыну;
- Алаяқтық, бопсалау, қандай да бір нысанда материалдық көмек пен қолдауды сұрау, мысалы «Демеуші боламын», «Демеуші іздеймін», «Материалдық қолдау көрсетемін» деген сияқты ұсыныстар;
- Қызметтер бөлімінен басқа Франчайзинг, желілік маркетингтегі жұмыс істеуге қатысты ұсыныстар;
- Қаражатты аудару, бонустарды есептеу арқылы ұялы телефон нөмірінің шотын толтыруға қатысты ұсыныстар.
«Әлеуметтік желіде және ғаламторда әртүрлі жарнамалар шығады. Олар сізге онлайн несие алуға көмектесу секілді түрлі қызметтерін ұсынуы мүмкін. Олардың мұндай іс-әрекеті заңға қайшы екенін біле жүріңіз.
Зияткерлік құқықтар
- Пайдаланушы сатуға құқығы жоқ заттар. Әкімшілік атына ТМ (сауда маркасы) құқық иесінен немесе патент иесінен ресми сұрау салу жіберілген қызметтерді ұсынуға тыйым салынады.
Адамның құқықтары, бостандығы
- Кез келген жеке детективтік/жедел-іздестіру қызметі, соның ішінде жеке детективтік қызметтер, детективтік агенттіктер, жеке іздеу қызметтерін ұсыну;
- Ереуілге, митинге насихаттау, қатысуға ұсыныс жасау және тағы басқа;
- Құқықтық тәртіп пен адамгершілік негіздеріне сәйкес келмейтін кез келген қызметтер;
- Зорлық-зомбылықты, нәсілдік өшпенділікті, заңсыз әрекеттерді насихаттау және/немесе шақыру
Танысу, қарым-қатынас
- Танысу, достық, жеңіл қарым-қатынасқа қатысты кез келген ұсыныстар;
- Интим қызметтер, жезөкшелік, интимдік сипаттағы кез келген қызметтер, массаж түрлері: эротикалық, боди, лингама, тантрический;
- Стриптиз, стрип-шоу, эротикалық би және тағы басқа.
Жұмыс
- Күмәнді жұмысқа қатысты ұсыныстар, мысалы әлеуметтік желіде жұмыс берушінің нақты мекенжайы, тікелей байланыстарын және нақты лауазымын көрсетпей хабарлама жариялау (кеңседе жұмыс, тәжірисі жоқ қызметкерлер, үйде электрондық поштаны өңдеу, үй шаруасындағы әйелдер мен зейнеткерлер үшін инвестициясыз жұмыс, пассивті табыс, отставкадағы бұрынғы қызметкерлер);
- Шетелдегі түнгі клубтардағы жұмыс істеуге ұсыныс; веб-модельдер; свингер клубтарында қызмет көрсетуге ұсыныс; эскорт қызметтері; неке агенттіктеріне аудармашылар; үйде қалам жинау және тағы басқа.
Арнайы техникалық құралдар мен қызметтер
- Көлік құралдарының, қозғалтқыштың, шассидің, шанақтың VIN-кодын (сәйкестендіру нөмірін) толтыру, қалпына келтіру, ауыстыру және т.б. бойынша қызметтер;
- Автомобильдің, сондай-ақ аспаптардың жүрісін орау/тарқату қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!