Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Қазақстанның төрт қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Терроризмге қарсы штабтың хабарлауынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты 4 шілдеде сағат 23:59-дан бастап Астанада терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылданды.
«Бір мезгілде Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілдеде сағат 23:59-дан бастап террористік қауіптің орташа деңгейі жойылады. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшуде», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!