Жиынды ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Зиябеков Джанибек Мелдебекович ашып, мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы 6 ай қорытындысы бойынша жедел-қызмет жұмысының қорытындысы туралы баяндады.

Жедел кеңеске №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ахметов, 5547 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник А.Асқарбеков, “Еңбек-Қызылорда” филиалының директоры Р.Кыпшакбаев, №3 емхананасының дәрігері Г.Асилова, жалпы білім беретін кешкі мектеп директоры Б.Утегенов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Жедел кеңес барысында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Зиябеков Джанибек Мелдебекович әр бөлімнің атқарған нәтижелі істері мен кем-кетік тұстарына тоқталып өтті.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілгеніне тоқталып, жұмыс барысында ешбір кемшіліктің орын алмау керектігі жөнінде ескерту жасалды.

ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс нәтижесіне қорытынды жасалды
ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс нәтижесіне қорытынды жасалды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!