Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 15 азамат кешкі мектеп мұғалімдерінен ортаңғы білімін дәлелдейтін құжат алды. Жазасын өтеуші азаматтарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдері білім береді. Оқуға қабылданған азаматтардың ішінде өзге ұлт өкілінен де бар. Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес білім беретін ұстаздар оқушыларын аттестат алуларымен құттықтап, сотталғандардың өз деңгейінде білім алуларына жағдай жасағаны үшін мекеме басшылығына алғысын білдірді.

ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар аттестат алды

Кешкі мектептің ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде ашылғанына он бір жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз сотталған азаматтармен тығыз байланысып, еркіндікте жүрген оқушылармен тең дәрежеде қараймыз. Қазіргі таңда сотталған азаматтарға 9 мұғалім сабақ береді. Оқу жылының сәтті аяқталуымен сотталған азаматтарды құттықтаймыз. Алдағы уақытта жаңа оқу жылында білім алуға ниет білдірген азаматтарды оқуға қабылдау жұмыстарын жүргіземіз — деді сынып жетекшісі Аубакиров Батыр.

Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!