Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесін күзетіп, әскери міндеттерін өтеген Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің 55 сарбазы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесі бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Әскери бөлімінде өткізілген шараға №60 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек және кадр саясаты тобының бөлім басшысы әділет подполковнигі Алтынбек Гүлмира қатысты.
– Түзеу мекемесіндегі тыныштық пен тәртіптің сақталуы – ең алдымен қарауыл күзетінде қалтқысыз қызмет атқарған қырағы жауынгерлеріміздің арқасы. Сіздер өз өмірлеріңізге төнген қауіпті ойламай, түзеу мекемесіндегі ішкі тұрақтылықты сақтауда міндеттеріңізді адал атқарып, жинақылық пен әскери тәртіптің жақсы үлгісін көрсеттіңіздер. Отанға адал болуға әскери Ант берген күннен бастап, күні-түні қырағылық пен сақтықты, ерекше жауапкершілікті қажет ететін осы қызметті адал да абыроймен атқарған сазбаздарымыз алдағы уақытта да отансүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсете береді деп сенемін, – деді Өскенбаев Алтынбек.
Шара соңында сарбаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!