Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы мен жеке құрам қызметкерлері қатысқан шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылған оқу- жаттығудың басты мақсаты қатердің алдын алу, жеке қауіп- құрамның физикалық және жауынгерлік дайындығын пысықтау.

Әрбір қызметкер кез-келген төтенше жағдайға дайын болуы қажет. Мұндай оқу-жаттығу мекеме қызметкерлерінің жауынгерлік дайындықтарының қызметтік, кәсіби деңгейін көрсетеді. Нақты өмірлік жағдайға жақын өткізілген оқу-жаттығу жеке құрамның тәжірибесін арттыратыны анық, — деді ҚАЖД-нің №60 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.

Оқу-жаттығу барысында жеке құрам мекеме бастығы орынбасарының қосымша нұсқаулығы арқылы жауынгерлік шеберліктерін пысықтап, кез-келген жағдайға дайын екендерін көрсетті.

ҚАЖ департаментінің №60 түзеу мекемесінде "Қамал” оқу-жаттығуы өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!