Бүгін 31 мамыр – саяси қуғын–сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен іс –шара өтті. Кітапхана қызметкері А.Жылкелдиева іс-шараның мақсатымен таныстыра отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының өмір жолдарына тереңірек шолу жасады. Одан соң «Қасірет құрбандарына мәңгі тағзым» атты кітап көрмесімен таныстырды.Кітап көрмесіндегі әрбір кітаптың орны ерекше, қазақ ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялыларының жеке басы үшін емес, елі үшін құрбан болған азаматтарды ешқашан ұмытпауымыз керек деді. «Жазақсыз жапа шеккендер»атты Б.Қойшыбаевтың туындысында А.Байтұрсынов, С.Асфендияров, Т.Жүргенов,Н.Төреқұлов сынды ірі тұлғалардың өмір жолдары туралы мәлімет бере отырып, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз деді орталық кітапханашысы.
«Бүгінгі кітап көрмесінен мол мағұлмат алдық. «Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болады», – деген Әлихан Бөкейхан атамыздың керемет сөзінің астарында қандай мән-мағына жатыр десеңізші, яғни, қазақ елінің тәуелсіз болуы , әрбір қазақтың өзіндік ойы болуы, іс –әрекетін еркін жасай алуы, осы ағаларымыздың еңбегінің арқасы. Сондықтан
оларды ұмытпай, ұлықтау біздің азаматтық парызымыз. Қайсар бабаларымызға қарыздар екенімізді еш уақытта ұмытпауымыз керек»,- деді мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Д.Оспанов .
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!