Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жеке құрам қызметкерлері саптық тексерістен өткізілді.

Саптық тексеріс барысында мекеме қызметкерлерінің сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты және нысандық киім үлгісінің талапқа сай болуына баса назар аударылды.

Сондай-ақ дабыл сөмкесі мен қызметтік куәліктерінің жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай болуын мұқият тексерілді. Анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырма берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!