ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жеке құрамымен құқықтық дайындық бойынша  «Стресс, жеке құрам арасындағы психикалық өзін өзі реттеу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингке ҚАЖД №60 мекеменің жеке құрам қызметкерлері мен Қызылорда облысының дін істері мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы  Оспанов Бақтияр қатысты.

Ішкі істер органында қызмет атқаратын қызметкерлерге қойылатын талаптың көптігі және жұмыс уақытының нормаланбағаны, уақытылы кезекті еңбек демалысында болмағаны, қызметкердің моральдық шаршауы мен психологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеліп соқтырады.
«Шындап келгенде, бүгінде қазақ қоғамы да осындай еркелік пен еркін өсудің де көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда деуге болады. Ал, психологиялық тұрақсыздық пен әлжуаздықтың да себептері түрліше екендігін атау керек. Десе де, осы мәселелердің де кез келген жастың өз-өзіне қол жұмсауға себеп болуы мүмкіндігін алға тартады. Бұған енді бүгінгі қоғамда орын алып келетін әлеуметтік мәселелерді қосыңыз. Оның да алар орны бар. Ғалымдардың пікірінше, адамдардың әлеуметтік-психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана, мінез, қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін-өзі бақылау»,- дейді мекеменің жеке құрам бойынша психологы Баянова Ақмоншақ.
Психологиялық зерттеулерге сай, полиция қызметкерлерінің көпшілігінде қызмет кезеңінің бесінші жылында кәсіби деформацияның нышандары пайда бола бастайды. Құқық қорғау органының өзіндік қиын жұмыс жүктемесінің болуымен ерекшеленетін бұл қызметте тұлғаның эмоционалдық жағдайы тез өзгеріске ұшырайды. Ол өз кезеңінде стресстің дамуына әсерін тигізеді
«Көптеген қызметкерлер дер кезінде істелуі керек іс-әрекетті соңына дейін созып жүреді, артынан уақыты жетпей қарбалас шаққа тап болады. Сол кезде болатын қысымның әсерінен стресстік күй қалыптасады. Осындай іс-әрекет салдарынан полиция қызметкерлерінің бойындағы ішімдікке салыну, шылым шегу, қорқыныш, шаршау, ашулану сияқты әртүрлі эмоциялық күйлер ағзада бір типті кешенді реакция береді»,-дейді Қызылорда облысының дін істері мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Оспанов Бақтияр.
Жиын соңында дінтанушы маман өз-өзіне қол жұмсау – тығырықтан шығар жол емес екенін бірнеше мысалдармен дәлелдеп, сергіту мақсатында түрлі жаттығулар жүргізді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!