«Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің N60 мемлекеттік мекемесі бірлесіп, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы және Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасында жасалған Ынтымақтастық туралы Меморандум аясында №60 мемлекеттік мекемесі бастығының Кубогына Мини-Футболдан турнир өткізді.
Бұл турнирдің мақсаты – жазасын өтеушілерді тұлға ретінде қалыптасудың құралы ретінде жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық жарыс рухын дамыту, спортқа деген қызығушылығын ояту болып табылады. Әр жасақтан құралған ойыншылар бір-біріне дес бермей, тартысқа толы ойын алаңын құра білді. Аталған турнирді ұйымдастыруға толық қолдау көрсеткен ҚАЖД №60 мемлекеттік мекеме басшысы әдилет подполковнігі М.Ө. Өтетлеуовке және мекеме ұжымына алғысымыз шексіз,- деді «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Джумадилаев.
Турнир жеңімпаздары мен көзге түскен ойыншылар дипломмен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!