Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
09.06.2025 жылы мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары «Өзіне-өзі қол жұмсауға, өзіне дене жарақатын салуға бейім» жазасын өтеушілермен тренинг өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтардың өмірге деген құштарлығын арттыра отырып, көңіл күйлерін көтеру.
Шара барысында жазасын өтеуші азаматтарға сергіту жаттығулары көрсетілді.
Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!