Таза ауа – жанға дауа. Осы ұстанымды ұстанған Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінің бастығы подполковник Мақсұт Өтетлеуовтың бастамасымен мекеме қызметкерлері сенбілікке бір кісідей қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Тазалық шарасы барысында мекеме аумағы қоқыстан тазартылып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.
Мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлермен қатар жазасын өтеп жатқан жақындарына келетін адам саны жетерлік. Сондықтан, егілген ағаштарымыз көгеріп, болашақта таза ауа беретініне сенімдіміз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен әріптестеріміз бүгін осы мақсатта нәтижелі жұмыс жасады,- деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.
Бұл тазалық жұмыстары алдағы уақытта мекеме аумағындағы тазалықты сақтау мақсатында жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!