Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Adal Adam YouTube арнасына сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутат әлеуметтік желіде тренд қуып, видео түсіретін мұғалімдердің әрекетін қолдамайтынын айтты. Сонымен қатар педагог көп уақытын желіге жұмсағаннан гөрі оқушыға білім беріп, өнеге көрсеткені абзал екенін атап өтті.

«Мен парақшамды өзім жүргіземін. Бір рилс түсіріп, оны монтаждап, жүктеуге қаншама уақыт кетеді. Ал мұғалімнің уақыты не үшін қажет? Әрине, оқушыға білім беру үшін. Баланың жүрегіне жол табу үшін онымен бірге секіріп, ойнап-күлудің қажеті жоқ. Ол үшін педагогика ғылымы бар. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің әдістері сол жерде баяндалған. Көп жағдайда біз барлық жауапкершілікті министрлікке жүктеп қоямыз. Министрліктің өз міндеттері жетіп-артылады. Сондықтан бұл мәселеде әркім өзінен бастауы тиіс. Егер рилстар мыңдаған лайк жинаса, өзгелер де соны қайталай бастайды. Әрине, егер Абайдың қара сөздері мен өлеңдері айтылса, ол дұрыс. Бірақ бәрі бишіге айналғандай. Қазір той тойлап, би билейтін емес, ой ойлайтын уақыт», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!