Фото: Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөліміне өз толғағымен келген аудан тұрғыны Гүлназ Раимованы дәрігерлер дереу тексерді, деп хабарлады  Ulysmedia.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

НӘРЕСТЕНІҢ САЛМАҒЫ 5 КЕЛІДЕН АСАДЫ

Дәрігерлер аяғы ауыр келіншекті тексеріп,  Гүлназдын қағанақ суының келуіне байланысты ота жолымен босандыруға шешім қабылдады. Нәтижесінде таңғы сағат 06:50-де 5 келі 20 грамм сәби дүниеге келді.

АЛ ОНЫҢ БОЙЫ – 58 СМ

Дәрігерлер Гүлназ Раимованың бұл алғашқы жүктілігі дейді. Бес жарым келіге жуық болған сәбидің бойының ұзындығы 58-сантиметр болған. Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайы жақсы, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!