Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, ҚХП Қызылорда облыстық филиалы «Қызылорда тазалығы» ұжымымен кездесті.

Ұжымда 500-ге жуық адам еңбек етеді. Күннің ыстық, суығына қарамастан адал еңбек етіп, қаланың тазалығын сақтап жүрген «Қызылорда Тазалығы» ЖШС жұмысшыларына құрметіміз ерекше. Таңның атысы мен кештің батысына дейін көше аралап жүретін азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет. Шара барысында ҚХП өкілдері ұжымды партия атынан құттықтап, олардың лайықты жұмысы үшін алғыс білдіріп, Құттықтау хат табыстады.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалы "Қызылорда тазалығы" ұжымымен кездесті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!