Қоғамдық көліктердің медициналық және техникалық әл-ауқаты тексерілді. Осылайша төтенше жағдай орын алған сәтте қандай қадамдар жасалу керектігі түсіндіріліп, пысықталды. Мамандар жүргізушілерге автобус тізгіндеп келе жатқанда ұялы телефонмен сөйлесуге, жолаушыларға дөрекілік танытуға болмайтындығы және әдеп ережелерін түсіндірді. Этикет аясында қызмет көрсету керектігін еске салды.
Қала ішілік 18 бағыт бойынша автобустар жаңартылып, транспорттық жүйеге өзгерістер енгізілген. Әрине, таңмен таласып жұмысқа шығып, жол бойында жүретін жүргізушілердің жұмысы оңай деуге келмес. Сонда да әр жұмыстың өзінің талабы болады. Сондықтан қоғамдық көліктегі жүргізуші мен жолаушы арасындағы диалогты ретке келтіріліп, арнайы тәртіпке сай іс-әрекеттер жасау ұдайы түсіндіріліп келеді.
Үлкен мән беретін жағдайлардың бірі – ол медициналық қобдишалар. Үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердегі медициналық қобдишалар жаңартылған. Мысалы, автобус ішінде өзін жайсыз сезінген жолаушыға жедел жәрдем келгенше, алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
Алдағы уақытта қызметкерлер үшін арнайы тренингтер өткізу жоспарлануда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!