Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

М. «А» сауда үйінің екінші қабатында жәбірленуші А-дан қарыз ақшасын сұрап келіп, өзге сатып алушылардың көзінше айқай-шу шығарып, киімінен тартып, қолындағы телефонды қағып, жеке тұлғаға зәбір көрсетіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін әрекет жасаған.

Іс құжаттарына сәйкес, М-ға қатысты шара қолдану туралы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар және бейнежазбамен расталған.

Жәбірленуші сотқа арыз жолдап, онда М-ға кешірім бермейтінін, оған заң жүзінде шара қолдануды сұраған.

Сот қаулысымен М. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51688 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!