Жыл басында 12 457 өндіріс бойынша қарыз берешегі 379 млн теңгеге жеткен. Оның ішінде 907-сінде өндіріс аяқталып, бүгінгі күнге 11 550 өндіріс орындалуда, берешек қарызы – 244 млн теңге. Яғни, 130,5 млн теңгеге қарыз сомасы төмендеген.

Прокурорлар жыл басынан 15 ұсыну енгізіп, олардың нәтижесімен 66 борышкер әкімшілік, 14 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 52,4 млн теңге өндірілді. Алимент төлеуден жалтарған 2 борышкер ҚР ҚК-нің 139-бабымен сотталды.

Мәселен, борышкер А. ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін 3 айдан астам уақыт орындаудан жалтарып, өндіріп алушы Н-ға 697 500 теңге берешек қарызы қалыптасып, соттың шешімін қасақана орындамаған. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 07.03.2023 жылғы үкімімен ҚК-тің 139 бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін борышкер А. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Одан бөлек, прокурорлық ден қою актісінің нәтижесімен борышкерлерден тұрғын үйі, автокөлігі алынып, өндіріп алушылардың меншігіне табысталды. Осы тектес прокурорлардың атқарған шараларының ықпалымен алимент бойынша берешегі облыс көлемінде біршама азайғанын байқауға болады.

Десек те, алимент өндіру санаты ерекше бақылаудан алынбай,осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, прокурорлармен қалыптасқан берешек қарыздарды азайтуға кешенді шаралар атқарылуда.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!