Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 1,03 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа құны – 434,51 теңге.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 433,45 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 433,53 теңге, сатып алу – 438,97 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 432,60 теңгеден болса, сатып алу құны – 436,09 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мамыр айында теңгенің нығая түскенін айтқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!