SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Сенат ғимаратының фойесінде журналистердің Қазақстан әскеріндегі өлім мен зорлық-зомбылыққа қатысты сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Журналистер «әр ай сайын немесе тіпті апта сайын сарбаздар өліп жатыр» деп хабарлағанда, министр таңғалумен және күлкімен жауап берді: «Не дейсіздер? Сарбаздар ма?».

Содан кейін Қосанов БАҚ өкілдерін әскер бөлімдеріне шақырып, қызметтің қалай ұйымдастырылғанын өз көздерімен көруді ұсынды. Министр ведомство командирлермен, психологтармен жұмыс істейтінін, камералар орнатылатынын, пресс-турлар өткізілетінін және ережелердің сақталуын бақылайтынын атап өтті.

«Зорлық жасала ма? Бізге осы фактілерді беріңіздер! Сіздер тек сөзбен айтып отырсыздар! Біз командирлермен жұмыс істейміз, психологтармен жұмыс істейміз. Камералар орнатамыз, пресс-турлар ұйымдастырамыз, біз осының бәрін істеп жатырмыз, журналистерді айына бір рет шақырамыз. Армияда «дедовщина» жоқ. Бірақ сіздер түсінулеріңіз керек. Бұл жас жігіттер, олар қоғамда да қақтығысқа түсе алады.

Біздің қоғамда бір мәселе бар – жігіттер еш себепсіз бір-бірімен төбелесіп кетуі мүмкін. Әскерді қоғамнан бөлмеңіздер. Біз де қоғамның бір бөлігіміз. Біз барлық ережелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әскерде қаза болған сарбаздардың аналары Астанада митинг өткізіп, әділ тергеу мен реформаларды талап еткен еді. Артынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға 12 күн ішінде аналардың арыздарын қарауды тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!