Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков әскерде жас сарбаздарды несие алуға мәжбүрлеп, әлімжеттік жасалатыны туралы мәлімдеді. ҚР қорғаныс министрлігі депуттаттың мәлімдемесінде айтылған ақпараттарды жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Мәжіліс депутатының мәлімдемесі негізсіз және шындыққа жанаспайды. Әскери қызметке шақырылушылар әскери қызметін атқару кезінде несие рәсімдей алмайды», – делінген хабарламада.

Министрлік бүгінгі күні жастардың әскери қызметке шақырылғанға дейінгі несие жүктемесі шамадан тыс көп екенін мәлімдеп, статистикалық мәліметтер ұсынды. 12 мыңға жуық сарбаздың қарулы күштер қатарына қосылғанға дейін екінші деңгейлі банктер мен шағын несие ұйымдарынан жалпы соммасы 4,8 миллиард теңгені құрайтын 30 мыңға жуық несиесі болған.

«Несиелік демалыс» жобасы осы санаттағы азаматтар үшін арнайы әзірленген. Көптеген сарбаздар жеңілдік алып үлгерген.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір әскер қатарында әлімжеттік көрсету оқиғалары мүлде жоқ. Ондай жағдай анықталған кезде басшылық тиісті процедуралар жүргізетіні айтылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!