Фото: ortcom.kz
10 мамырда Қостанай станциясында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына жеңіл көлік жүргізушісінің темір жолдан өту ережелерін бұзуы себеп болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жол өткелдерінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!