Фото ©️ Tengrinews.kz
Қостанайда өз пәтерінде 61 жастағы әйел өлтірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.
Бұл қылмысты жасады деген күдікпен тағы бір әйел ұсталды. Қаланың 51 жастағы тұрғыны қазір уақытша ұстау изоляторында.
«Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді Полиция департаменті өкілі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!