Фото: Ашық дереккөзден
Қостанайда “Дружба” тұрғын ауданында 30 гектар құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аймақтық ТЖД мәліметінше, өрт бірнеше ошақта тұтанған, бұл оны оқшаулау жұмыстарын қиындатқан.
Тілсіз жауды сөндіруге 50 қызметкер мен 12 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт 30 гектар аумақта толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, – делінген ведомство хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!