16 маусым күні Қостанай қаласындағы колледждердің бірінде оқып жатқан 3-курс студенттеріемтихан тапсырып жатқан кезде әскери бөлімге жеткізілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әлеуметтік желідегі видеоны таратқан жергілікті тұрғынның айтуынша, бастапқыда Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері колледжге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келген. Алайда кейін бірнеше студентті әскери бөлімге алып кеткен.
Бұл жағдайға қатысты Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ресми түсініктеме беріп, жастардың ерікті түрде облыстық жиын пунктіне жеткізілгенін хабарлады.
Олардың айтуынша денсаулық жағдайын тексеріп, мерзімді әскери қызметке жарамдылығын анықтау мақсатында апарған.
«Лауазымды тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шақырылушылар психологиялық тестілеуден және алдын ала медициналық тексеруден өтеді», – деді басқарма өкілдері.
Еске сала кетейік, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан КамалетдиновСенаттағы брифингте жастарды мәжбүрлеп әскерге шақыру оқиғаларына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, әскерге шақырылушының сотқа жүгінуге толық құқығы бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!