Қостанайда ер адам үйінің ауласында әйелін пышақтап тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

«16 маусымда 102 пультіне Қостанай қаласындағы үйлердің бірінің ауласында 47 жастағы ер адам мас күйде ұрыс кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ сұққан. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның көлігімен қашып кеткенін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін полицейлерге куәгерлер хабарлаған», – деді ведомстводан.

Бірден полиция жасағы жіберіліп, облыс орталығының аумағында «Ұстау» жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды.

«Жедел басқару орталығының инспектор Тойгүл Жанатова видеобақылау камераларын қарау барысында қаладағы көшелердің бірінде «Джили» көлігін байқап қалған. Полицейлердің арқасында күдікті ұсталды. Өзімен бірге алып жүрген қан іздері бар пышақ табылды», – деді полициядан.

41 жастағы жарақат алған жұбайы қалалық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сәйкес сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!