Қостанайда итін аяусыз ұрып-соққан ер адамға екі айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Қостанайдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде ер адамның итін ұрып-соққан бейнежазбасы тарады.
Полицияның мәліметінше, үй жануарына зорлық-зомбылық көрсеткен адам анықталды.
“Қостанай полициясы жүргізілген тексеру нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 407-1-бабы 1-бөлігі, 407-2-бабы 1-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама жасалған ит иесі ер адамның анықталғанын атап өтті. Бірінші баптың санкциясында 5 АЕК, екіншісінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ ит иесімен жануарларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтау үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді”, – делінген полиция хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!