Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлікті құрайды, жобаға шамамен 250 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция салынады, деп жазады turkystan.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайда Kia автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын зауыттың құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын ресми бастау рәсіміне премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Жоғары жалақы төленетін 1 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлік болмақ. Жобаға шамамен 250 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция салынады.
Роман Скляр Kia компаниясы алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салып отырғанын атап өтті.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде, Содан кейін жабдықтар орнатыла бастайды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында зауыт пилоттық режимде іске қосылады, ал екінші тоқсанында өндірістің толық циклі ашылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!