Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген «Газель» автокөлігі жанып кетті.
Ішіндегі балалардың бәрі дін аман. Көлік түтіндей бастағанда-ақ жүргізуші мен мұғалім шәкірттерді түгелдей сыртқа шығарып үлгерген.
Бүгін сағат 09:00-де Арқалық – Торғай автокөлік жолының бойында, Мирный ауылынан 15 шақырым жерде «Газ 322131-288» көлігі өртенді деген хабар түсті. 66 оқушы, 3 волонтер, 6 мұғалім, 1 медицина қызметкері, 1 инспектор мінген төрт көлік ауыл оқушыларына арналған «IQanat» олимпиадасына бара жатқан, – делінген ТЖД таратқан мәліметте.
Дұрыс әрі шұғыл шешім қабылдай білген жүргізуші мен мұғалімдердің жедел қимылының нәтижесінде 14 оқушы жанып жатқан «Газельден» дер кезінде эвакуацияланып, лекке ілесіп келе жатқан 3 автокөлікке отырғызылған.
Балалардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнген жоқ. Өрт сағат 10-нан 25 минут кеткенде сөндірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!