фото: Ratel.kz

Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған болатын. Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған.

Күдіктілердің жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 келіден аса синтетикалық есірткі, яғни а-PVP тәркіленді. Сонымен қатар электрондв таразылар, 240 мини магнит, электр таспа, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылған. 

«Алынған партияның құны қара нарықта шамамен 100 миллион теңге болады. Полицейлер айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді. Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуіне де 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,–делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!