ЗК-169/5 мекемесіндегі режим бөлімінің жедел уәкілі Т.Тыныштықбаев пен Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы С.Алдоңғаров студенттермен кездесіп, құқықтық профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде құқықтық сала өкілдері «Болашақ» университеті мен медицина колледжінің студенттеріне қазіргі жасөспірімдер арасындағы қылмыс түрлерін алдын алу бағытында жан-жақты ақпарат берді. «Ұрлық түбі-қорлық» екенін еске салып, соған сәйкес жаза басқан адам кодексте көрсетілген 442, 437, 434, 435, 200, 132 баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды.
-Кезесуде өте маңызды мәселелер сөз болды. Жастардың өз құқығын білуі, баршамызға ортақ Ата Заңымызға құрметпен қарау қажеттігі, жат қылықтан, жаман әдеттен аулақ болуға кеңестер берілді. Пікір алысудан алған әсерім керемет. Жалпы адамдарға қамқор болсам, жылтыр дүниелерге қызығып, ұрлыққа бейімделген қатарластарыма көмектессем деген ой түйдім,-деді Аружан есімді студент.
Басқосу соңында студенттер ақпараттық топ өкілдеріне көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!