Республикалық референдумға келуші азаматтар өз учаскелеріне барып, дауыс беруде ерекше белсенділік танытуда. Оның ішінде биыл 2 637 жас алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды. Соның бірі – Шиелі ауданындағы №267 учаскесіне келген Құралай Кәрісбек.
Ол өз таңдауын жасап, маңызды күннен қалыс қалмады.
Айта кетейік, өңірде 378 референдум учаскесі және 492 524 дауыс беруші бар. Соның ішінде 2637 азамат бірінші рет дауыс беріп, таңдау жасауда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!