Фото: Almaty-akshamy.kz.

Ол үкімді тыңдағаннан кейін барша мұсылмандардан кешірім сұраған. Грозный соты 2023 жылы 4 мамырда Құран кітабын өртеген Волгоград тұрғыны Никита Журавельге үкім шығарды. Ол енді жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейтін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тасс агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ол сот үкімін тыңдағаннан кейін барша мұсылманнан кешірім сұрап, сот үкімін әділ деп санайтынын мәлімдеген. Бұған дейін ол Ислам дінін қабылдағысы келетінін айтқан. Тіпті, Құран оқып алғашқы қадамдарын жасап жүргенін жеткізіпті.

Десекте, Журавельдің адвокаты Юлия Антонова үкімге шағым түсіретінін мәлімдегенін жазды интернет басылымы. Қорғаушының айтуынша, үкімнің қаншалықты заңды екенін қылмыстық істер бойынша сот алқасы қарауы керек.

Еске салсақ, Никита Журавельге қатысты іс Волгоградтағы мешіт маңында Құран кітабын өртегені қозғалған болатын. Осы ісі үшін ол 20-мамырда ұсталып, 22-мамырда қамауға алынды.
Тергеу барысында өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған. Айта кету керек, Журавельдің мұндай келеңсіз әрекеті Шешенстанда мыңдаған адамның ереуілге шығуына себеп болған.

Есіңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы шілдеде бірқатар мемлекетте болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет екенін айтқан болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!