Қазақстанның Ұлттық ұланында сарбаздардың нашар және бүлінген тағамға шағымдарына байланысты тамақтану қызметтерін ұйымдастырушы фирмалардың өкілдері шақырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау, Жаңаөзен және Атырау қалаларында орналасқан Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде анонимді сауалнамаға құрты бар балық берілетіні айтылған.
«Сарбаздардың асханаларында тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке құрам арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар әскери бөлімдердің басшылығымен жүргізілген. Мерзімді әскери қызметкерлерінің тамақтануы бойынша әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері дөңгелек үстелде талқыланып, тамақтандыру қызметтерін ұйымдастырушы фирмалардың өкілдері шақырылды», – делінген хабарламада.
Ұлттық ұлан әскери бөлімдерде өнім берушілердің қызметтерді жосықсыз орындау фактілерін, шарттық міндеттемелерді анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Жыл басынан бері бірқатар әскери бөлімдерде тамақтандыру қызметтерін жеткізушілер ауыстырылды.
Келтірілген фактілер бойынша қызметтік тергеулер жүргізіледі, олардың қорытындылары қосымша жеткізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!