Қызылорданың қақ ортасынан Сырдария өзені өтеді. Дарияның сол жағалауына да қала салып шаһар көркін аша түсу идеясы  сол уақыттағы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың идеясы болатын. Сыр өңірінің руханияты мен мәдениетіне ерекше қамқорлық жасап, туған жер, туысқан жұрттың қамы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимеген әкім бұл қаланың сәулетті болуына да күш салды. Ең мықты сәулетшілерді жинап, бас жоспарын бекітті. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеген –  Любовь Нысанбаева басқаратын «Урбостиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы. Білікті сәулетшінің бас жобасы халықты да қуантып қойып еді. Себебі жобада еліміздің ұлттық нақыштары мен шығыс стилінің басты өрнектері қамтылған болатын. Бұл 2011 жылы басталған жұмыстар еді. Он жыл уақыт өтті. Салынып жатқан ғимараттар бас жоспарға сай ма? Халыққа жария етілген  шығыс стилімен үйлескен ұлттық нақыштағы ғимараттар неге салынбай жатыр? Не өзгерді? Неге өзгерді?

“Сол жаға­лаудағы аумақ 15 ау­­даннан құ­рал­ады. Оның 11-і тұр­ғын аудандар, 1-еуі индустриялық ай­мақ және 3-еуі ірі парк және бульварлар. Бесінші тұрғын ауданның құры­лы­мында  махалля  типтес ор­та қабатты үйлерді салу жос­парланған. Әрбір тұрғын ау­данның ішінде есептеулерге сәй­кес мектептер мен балабақшалар, ем­хана, дүкендер және тағы басқа да қыз­мет көрсету орындары салынады”. Бұл ақпараттан бас жоспардың өзгергенін аң­ғаруға болады. Ең алғашқы мақұлданған жос­парда шығыс стильінде халықты желден, күн­нен қорғайтын тапшандар, ұлттық нақышта безен­дірілген ғимараттар, зәулім үйлер болмақ. Бұл жоспардан біз сол жағалауды мақсатты игерудің жо­басы өзгергенін аңғарамыз.

Сұлтанбай Қонарбаев, «Қызылорда облысының құ­ры­лыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мем­лекеттік мекемесі басшысының орынбасары: 

− Сол жағалауындағы жаңа қала – 1532 га аумақ­ты құрайды. Онда оның ре­креация­лық аймақ­тар, тұр­ғын үй құрылысы, сауда орын­дары мен офистік ғи­ма­рат­тарға, әлеуметтік ин­фра­­құ­ры­лымға арналған жер телімдері бар. Жоба бо­йынша 16 жаңа мектеп, 12 ба­­лабақша, 4 денсаулық сақ­­тау мекемесі, сондай-ақ спорт­тық және әлеуметтік-мә­­дени ғима­раттар салу жос­­парланды. Бұл 3 млн шар­шы метр­ден астам тұр­ғын үй құ­ры­­лысы, оның ішін­де 1 млн шар­шы метр тұр­ғын үйді 2025 жылға дейін пай­дала­нуға беру жоспарлануда, нәтижесінде 50 мыңға жуық адам жаңа пәтер­лермен қамтамасыз етіледі. Жоба то­лық іске асы­рылған жағдайда 155 мыңнан астам адам қала тұрғыны үй-жаймен  қамтамасыз етіледі.  Әзірленген жобада ескі қала­лар­дың сәулеттік элементтерін кеңінен қолдану жә­не сол жағалаудағы жаңа қаланың келбетіне ұлттық нақыш бе­ру жос­парлануда. Ол бойынша да жобада нақты ұсыныстар бе­рілген. Салынатын ғимараттардың қас беттері шығыс және ұлттық нақышта әзірленуі тиіс. Бүгінгі күні сол жағалауды тиімді игеру мақсатында бірінші кезеңде мемлекеттік бағ­дарламалар бойынша салынатын ғимараттар бой көтеруде. Келесі кезектегі үйлер мен ғимараттар шығыс стилінде жоспарланған. Жоба бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Қызылорда қаласының бас жоспарының авторларының бірі Еркін Ибрайымов сол жағалаудың алғашқы жобасы керемет еді деп еске алды.

Еркін Ибрайымов, сәулетші:

− Қаланың бас жоспарын жасағанда сол жағалауды да ен­гіз­дік. Ең алғаш қа­был­данған Любовь Нысанбаеваның ұжы­мы дайын­даған жоба өте ерекше бола­тын. Алматы, Астана қала­сы­нан архитекторлар алдырып, солар­мен ақылдаса отырып да­йын­далды. Ғимараттардың бәрі Шы­ғыс стилінде, ұлттық нақыш­тарда дұрыс қолда­нылған, желді, ыстық ай­­­ма­­ғымыздың ерек­ше­­­ліктері еске­ріл­ген әсем ғимма­рат­тар сызбасы бар бо­­латын. Сол жа­ғалау сол сәу­леттік жо­бамен са­­лын­ғанда сәнімен сал­та­на­ты келі­сер ме еді? Өкі­нішке қа­рай бұл жоба бір­­неше рет өз­гер­­ді.

Қырымбек Көшер­баев­тың бас­та­ған жұмы­сын бүгінде об­лыс әкі­мі Гүлшара Әбдіқа­лы­қова жал­ғас­тыруда. Аймақ басшы­сының төраға­лы­­ғымен Сырдария өзе­нінің сол жағалауын игеру жұмыстары әкім­дік жанын­да­ғы штаб отырысын­да талқы­ланып оты­рады екен. Қа­зір сол жа­ғалауда құрылыс қар­қынды. Бұ­ған де­йін 2455 пә­тер­лі 53 тұрғын үй және «Бо­лашақ» универ­си­тетінің білім кампусы, 320 орындық балабақша, «Жас­тар орталығы», 720 орын­дық «Orda school» мектебі, «Транс­телеком» акционерлік қоғамының ғимараты, әкімшілік ғимараты сон­дай-ақ бұрынғы «Қазақ Орталық Ат­қару Комитеті» ғимаратының сызбалары бойынша салынған мұражай пайдалануға берілді. Сол жағалауды «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралықтрассасымен бай­ланыстыратын, ені 60 метрді құрайтын авто­жол іске қосылды. Енді алдағы уақытта 9-12 қа­батты ғимараттар бой көтереді. Ғимараттардың ор­тасында ерекше сән берер гүл бульвары болады екен.

Алмат  Берікұлы, «Қызылорда облысының құрылыс, сәу­лет және қала құрылысы басқармасы» мемлекет­тік мекемесі сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімінің басшысы:

− Сол жағалаудың орталық алаңының сәулеттік келбетін ашатын және халық тұрмысына тиімді орта қалыптастыру мақ­сатында Қызылорда об­лы­сы­ның құрылысшылар ас­со­­сациясымен біріге оты­рып «Гүл бульварының» но­ба­­йын дайындаған үздік жоба­­ны комиссия анықтады. Жос­парлан­ған бульвар ау­мағын­да фон­тан, балалар алаңы, кө­лік тұрағы және көпте­ген кіші архи­тектуралық фигура­лар қарас­тырылған. Жал­пы буль­вар­­дың аумағы 12 гектар­ды құ­рай­ды. Бұл бульвар сол жағалаудың сәулетін аша түсетін болады.

Сәулет – ұлттық мәдениет жайлы сөзсіз сөйлеп, тілсіз баяндап бере алатын асыл қазына. Қаламызда құрылыс дағдарыс пен инвестицияның жоқтығына қарамастан қарқынды жүріп жатыр. Жылдамдық пен үнемдеу бұрыннан бірінші орынға шыққан. Қалада өмір сапасын жақсарту үшін сауатты архитектуралық саясат қажет, ал сәулетшілердің өзі қала құрылысы саясатын қалыптастыруда жетек­ші рөл атқаруы тиіс. Нарыққа сай құрылыс жүр­гізгенде сәулет шеткен ысырылып қалмауы ке­рек. Әсіресе: Елбасы «Алаштың анасы» ата­ған Сыр елінің сәулеті мен сәні келісіп жат­са құба құп болар еді. «Қызылорда облы­сының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемле­кет­тік мекемесінің өкілдері сол жа­ға­лаудың алғашқы жоспары өз­гер­мегенін айтып сендірді. Әйт­се де бұрын жоспарда бол­маған қызыл кірпішпен өріл­ген тұрғын үйлерді тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында салып жатқандарын айтады. Мұқтаждыққа мән берген де жөн-ау, қаншама жан баспаналы болады. Ал ғимараттарды салғанда сәулеттік жобасын сақтап қалуға болмас па еді? Сол жағалауды сәулетті бас шаһардың көр­кіне көрік қосар еді.

Гүлбану МАҚАЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!