Фото: Tengrinews.kz
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлі табылған Астанадағы мейрамхана өкілдері мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Жалдап сатуға арналған BAU мейрамхана аймағында болған қайғылы жағдайға өкінеміз және Салтанат Нүкенованың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Болған жайтқа қатты таңғалдық. Дегенмен «Гастроорталық» басшылығы мен қызметкерлері тергеу амалдарына көмек қолын созып жүр. Қоғамның пікірін толық қолдаймыз: зорлыққа жол жоқ», – дейді мейрамхана өкілдері.
Осыған байланысты мейрамханадағылар бірнеше мәлімдеме жасады:
«Құрылтайшылардың бірауыздан шешімімен «BAU» мейрамханасының иелерімен жалдау шарты бұзылды. «Гастроорталыққа» жаңа директор тағайындалды. «Гастроорталықты» күзету жөніндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады: күзет қызметтерін көрсететін ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Мейрамхана өкілдерінің сөзінше, «BAU» – «Гастроорталықта» ғимарат жалдайтын 30 мейрамхананың бірі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!