Фото: Жоғарғы сот
Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу изоляторында төбелес шығарды деген ақпарат тарады. Azattyq Rýhy Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мұның рас-өтірігін білді.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Бишімбаев изоляторда бірге отырған камераласымен сөзге келіп, оған дене жарақатын келтірген. Алайда ҚАЖК бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!