ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт имамдары балаларға қуаныш сыйлады.
Нақтырақ айтар болсақ, игі шара аясында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының 49 тәрбиеленушісі қаламыздағы “Kids Boom” балалар ойын-сауық орталығында асыр салып ойнады, ақ дастарқан басында ақын, сазгер, әнші Үкітай Айжігітұлы ағаларының өнерін тамашалап, бірге күй орындады.
Облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы жас жеткіншектерді қасиетті ережеп айымен құттықтап, қолдау көрсеткен “Kids boom” ұжымына және спорт тауарларын сыйға тартқан “Biali” дүкенің директоры Асхат Шәукенбаев мырзаға ризашылығын жеткізді.
Кезекті демалыстарын қызықты әрі қуанышқа толы сезіммен өткізген балалар үйінің тұрғындары ұйымдастырушылар мен демеушілерге көңілді күн үшін алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!