Бұрынғы заманда қыдыр, бақ, ақыл үшеуі кездесіп қалып, ерегісе кетеді. Үшеуі ерегісіп отырып әрқайсысы өз күшін көрсетпекші болады. Қыдыр, бақ пен ақылды ертіп алып, бір жер айдап жатқан егінші адамға барады. Сонда егіншінің айдаған жерінен төңкеріліп кесектердің бәрі алтын болып кетіпті.

Егінші біраздан кейін шөлдепті. Анадай жерде бір топ керуен түсіп жатыр екен, солардан су ішіп келуге барады. Барарда Керуеннің иті иті қауып алар деп қолына бір кесек алтын ала барыпты. Керуеншілерге барып, су сұрапты. Керуеншілер су беріпті.Суды ішіп алып, анадай жерде өзіне қарап үріп жатқан итке қолындағы бір кесегін атып жіберіпті. Керуеншілер алтынды лақтырып жіберуі қалай деп ойлады. Бір керуенші – бұл бір мүсәпір адам алтын екенін білмес деп егіншінің қолындағы алтынды сұрапты. Егінші: «Мә, керек болса, Тағы алтын керек болса, бәрің жүріңдер, мен сендерге қанша керек болса сонша берейін», – депті.

Керуеншілер еріп барып қараса, егіншінің айдаған жері бәрі алтын екен. Олар барлық жүгін далаға тастап, түйелеріне алтынды тиеп алыпты. Бәрі егіншіні  бұл қасиетті адам шығар деп өздерімен бірге елдеріне ала келіпті. Бұл хабар елден елге тарап ханға да жетіпті. Алтынды естіген соң хан қарап отырсың ба? Қасына көп жора-жолдас, нөкерлерін ертіп алтынды әкелуге шықпақшы болады. Хан алтынға баруға жиналып жатқанда «Ел шетіне жау келеді» деген суық хабар естіледі.

Хан жалма-жан жасауылдарын жіберіпті. Шахарда неше адам болса да бірі қалмастан, қолдарына қару алып атқа мінсін. Қаланың бір шетіне жау тиді, соған аттансын деп бұйырды. Әрине, ханның әмірі екеу болмайды. Жұрттың бәрі де бір-бір атқа мініп, қолдарына қару алып, жауға аттанады. Бұлармен бірге баяғы егінші да шығады.

Бәрі бірдей жауға қарап ат қояды. Сонда егінші келе жатқан жаудан қорқып, алдында бір үлкен терек бар екен, соған тығылып қалып қойғысы келіп, жабыса бергенде, егіншіге бақ қонған екен, терек түбімен қопарылып, оның қолына келеді. Бірнеше мың теректі көтеріп келе жатқан мұны көрген жаудың зәресі ұшады. Жан-жаққа қашып кетеді. Жау кеткен соң жұрттың бәрі үйлеріне қайтады. Хан жұрттан «жауды кім жеңді?» деп сұрайды. Сонда бір адам «Керуеннен бір адам келіп еді, сол жеңді дейді. Хан егіншіні шақыртып алып, қырық күн  той, отыз күн ойын жасап, қызын егіншіге береді. Кешке жеңгелері ханның қызын егіншінің жанына алып келеді. Егінші ханның қызына жоламайды. Ханның қызы ашуланып  «Бұл мені менсінбей жүр»  деп жеңгелеріне айтады.

Жеңгелері «Неге менсінбесін? Өзің жоламайтын шығарсың?» дейді. Ол күні күйеуінің қасына қыз тағы келеді. Егінші етігін шешейін деп жатқанда ханның қызы барып, оның етігін шешпекші болып, отыра берген екен, ол ханның қызын бір теуіп, тісін сындырады. Ханның қызы жылап әкесіне барады. Хан қызын көріп ашуланып, егіншіні темір торға отырғызыңдар деп бұйрық береді. Жендеттер оны темір торға апарған кезде қыдыр мен бақтың бұған шамасы келмейтінін сезген ақыл егіншінің басына кіреді.

 Егіншіге ақыл кірген соң, оң жақ, сол жағына қараса, өзін жендеттердің темір торға қамайтынын біледі. «Ау, бұларың қалай?», – деп жендеттерден сұрайды. «Ханымыз сені темір торға қамауды бұйырды. Біз сені темір торға қамаймыз», – дейді жендеттер. Сонда ол тұрып «Мені ханға алып барыңдар», –  дейді. Жендеттер сөзін тыңдап, оны қайтадан ханның алдына апарады. Сонда хан айтыпты «Не айтасың?» деп одан сұрайды. Мен сіздің қызыңыздың қасына жоламағанымның себебі қызыңыз сіздің даңқыңызбен өскен соң арам еті кетсін деп жүрдім. Тісін сындырғаным – бойын таза тұтпай, сол уақытта шыққан тіс екен, – дейді егінші.

Хан оның ақылына риза болып оны өлімнен босатып, қызын қайтадан береді. Сөйтіп қыдыр мен бақтан ақылдың күші басым болып шығады. Оған ақыл кіріп, ол мұрат-мақсатына жетеді. Кейіннен егінші мен ханның қызы балалы болады, біреуі ұл ал біреуі қыз болады. Бір кезде тағы жау шапты деген хабар келеді. Сонда егіншінің басына ақыл қонып, жауға шығады. Соғыс бес, алты айдан кейін аяқталады. Сонда соғыстан жауынгерлер келіп егінші өлді деп, ханның қызына хабар барады. Сонда қызы жылап бір айдан кейін есін жинап, соғыстан келген жауынгерлердің біреуіне қосылуды шешеді. Өйткені балалар әкесіз қалмау үшін қам жасайды. Ал егінші болса соғыста жарақат алып, ем қабылдайды. Ал сонда соғыстан келген жауынгерлер оны өліп қалған шығар деп ойлайды. Сонда ханның қызы той жасап бір жауынгерге үйленеді. Бір жылдан кейін егінші ханның қызын және балаларын көруге барады. Сонда бала қарап жатқан ханның қызы күйеуін көріп таңқалады. Ол кезде егінші мен ханның қызының балдары төрт-бес жасқа толып қалған кез еді.

Сосын сол үйде ұрыс болады, ұрыс болып қалғанын ханның құлағына да жетеді. Хан жауынгер мен егіншіні сөйлесуге шақырады. Екеуі ұрыспайды. Өйткені жауынгердің кінәсі бар. Себебі ол өлдіме, өлген жоқпа оны дұрыс қарамаған және де ханның қызы да күйеуін іздемей жауынгердің сөзіне сеніп қалып бірден тұрмысқа шықты. Сонымен ханға бәрін баяндап жеткізеді. Сонда егіншінің басына бақ қонып, ханға былай деп жеткізеді. Қызды ренжітпей-ақ қояйын, бірақ оған ауыз ашпаймын деп келіседі.

Сонда ханның қызы бұл шешімді қабылдайды. Бірақ ол бір жыл сөйлеспеуге шыдай алмас еді. Бір жыл өткен соң егінші сөйлесе бастайды. Ханның қызы өз кінәсін түсінеді. Сонда ханның қызы былай дейді күйеуіне. «Мені кешір, мен өз қателігімді түсіндім. Сен  мені және балаларымды ойлап маған оңай  шешімді қабылдадың. Ханның өзі де бұл шешімді дұрыс санап, егіншіні өз баласындай көріп қуанады. Кейін елінде аштық болады. Егіншінің басына ақыл қонып, барын аштыққа ұшыраған отбасыларға және құлдарға беріп отырады. Аштық тек қана бес, алты ай ғана болады. Себебі адамдарды аштықтан егінші аман сақтап отырады. Аштық біткен соң хан егіншіге өзінің орнын береді. Өйткені оның көңілін түсінеді. Сүйтіп егінші хан болып, аман-есен өмір сүреді. Бұл ертегіні қорытындылай келгенде адам баласына өмірде қыдыр, бақ және ақыл керек екен. Бұлар адамда болмаса өзіне өте қиын.

Аружан ТҰРҒЫНБАЕВА,

№212 мектеп-гимназиясының оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!