Қостанай қаласындағы түнгі клубта болған сұмдық жайттың видеосы тарады. Желіде тараған видеода қыздар жұрттың көзінше тыр жалаңаш шешініп тастаған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода жалаңаш қыз ер адамның үстіндегі киімін тартып жатқанын көруге болады. Қалған екі жалаңаш қыз бірге билеп жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты Қостанай облысының Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

ПД мәліметінше, видеоға қатысты барлық адам анықталған.

Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін полицияға 6 адам шақырылған. Оның ішінде клубтың иесі де бар.

Қазіргі уақытта ұсталған бес адамға қатысты ҚР Әкімшілік Кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады. Көңіл көтеру мекемесінің иесіне қатысты құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Қазіргі уақытта сот шешімі де шыққан.

«Қостанай облысының полиция департаменті кештің барлық қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды. Қостанай қаласы әкімшілік сотының шешімімен қыздар бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Кеш жүргізушісі 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді», – дейді Қостанай облысының ПД өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!