Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті өңіріміздегі тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз алуына әрдайым жағдай жасай отырып, ақпараттық жүйелер арқылы қызметтердің сапасына қашықтықтан бақылау жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету, дәлелсіз бас тарту секілді фактілер анықталған жағдайда, Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданып отырады.
Мәселен, биылғы жылдың наурыз айында Арал ауданының тұрғыны Р.Т. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (1-кезең)» мемлекеттік қызметін алу үшін Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінің әкімдігіне өтініш білдірген болатын. Тұрғынның өтініші бойынша мемлекеттік қызмет нәтижесі заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынылмайтұрғаны қашықтықтан бақылау жұмыстары нәтижесінде анықталды.
Осы орайда, қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданды.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың 17 наурызында Бекбауыл ауылдық округі әкімдігімен мемлекеттік қызметтің оң нәтижесі ұсынылып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік айыппұл салынып, әкімдік қызметкеріне тиісті тәртіптік шара қолданылды.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары Департаменттің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.
Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс1. Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.
Марат Айтхожа Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!