Қызметті алаңсыз атқару үшін үйде орнайтын үйлесімнің үлесі зор. Осы мақсатта ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы әділет капитаны Динара Шахи және әділет лейтенанты Фердауси Ертай қызметкерлердің тұрғылықты мекенжайына барып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен етене танысты.

Яғни, отбасының жалпы ахуалы, психологиялық жай-күйі, өзара түсіністік, бір-бірімен қарым-қатынас деңгейі жан-жақты зерделенді. Сонымен қатар, қызметкерлердің күнделікті өмірінде кездесетін мәселелері мен қажеттіліктерге де мән берілді.

– Қызмет барысында адам үнемі жинақы, сабырлы әрі ішкі тепе-теңдікте болғаны жөн. Ал бұл қасиеттердің қалыптасуына отбасы ортасының ықпал ететіні белгілі. Көңіл күпті болмағанда ғана жұмысқа ден қойылып, еңбек өнімділігі артады. Сол себепті қызметкерлердің тұрмыс-тіршілігімен танысып, үйдегі моральдық ахуалға назар аудардық.
Осындай аралаулар арқылы әріптестеріміздің жағдайын терең түсініп, қажет кезде қолдау көрсетуге мүмкіндік аламыз, – дейді мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы әділет капитаны Динара Шахи.

Кәсіби жолда кедергісіз әрекет етуде әлсін-әлсін бақылау жұмыстары жалғаса бермек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!