Қызмет бабы оңай емес. Күнделікті жұмыс, ереже-тәртіп, жауапкершілік жүгі – мұның бәрі адамға әсер етеді. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері арасында тренинг ұйымдастырылды.
Басты мақсат – кәсіби және психологиялық әл-ауқатты арттыру. Бүгінгі кездесуге “Отбасы” орталығының басшысы Айдана Хабиева, психолог Индира Каниева арнайы шақырылды.
Алдымен Айдана Маратқызы өзі басшылық етіп отырған орталықтың қызметімен таныстырып, қажетті ақпаратпен бөлісті. Ал, тренингті тәжірибелі маман Индира Мирамбекқызы жүргізіп, стресспен күресу, эмоцияны реттеу сынды маңызды тақырыпта сөз қозғап, кеңес беріп, пайдалы жаттығу көрсетті.
Сонымен қатар, психологиялық ойыннан маңызды құндылыққа да ойысты. Жеке құрам қызметкерлеріне “Сіз үшін отбасы деген не?”, “Отбасындағы берекені сақтау үшін не істеу керек?” секілді сұрақтар қойылып, ашық диалог орнады.
– Еркін форматта өткен іс-шарада қауырт жұмыстан бір сәт босап, ой сергітіп алдық. Күйзелістің алдын алу, қиындықтан шығудың амалы айтылып, маңызды ақпаратқа зер салдық. Тренингте тек көңіліміз серпілмей, танымдық бағытта да тиімді болды, – деді әділет қатарындағы Қ.Жұмабек.
Бұл қызметкерлердің кәсіби және жеке дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар жалғасын таппақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!