Қазақта түрлі ырымдар мен наным-сенімдер бар. Қазірде үйімізді тіл-көзден қорғайды деп жаңадан салынған үй болса міндетті түрде оның сыртына қызыл шүберек не тұз іледі. Осы жөн-жоралғымыз нені меңзейді? Жалпы оны ұстану дұрыс па?
Қазақ дәстүріндегі – көз тию деген ұғымислам дініндетеріске шығарылмайды. Осыларға қарап, көз тию дегеннің ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде нақты бар құбылыс екендігін бағамдауға болады. Яғни, асыл дінімізде көз тию бар және одан қорғану жолын да айтып өткен.
Сонымен қатар, қызыл шүберекті қызылша ауруының белгісі ретінде байлағандығы жайлы да мәлімет бар. Мәселен, егер бір үйде балалар ұшпа қызылша ауруына ұшыраған болса, қызылша қызыл шүберекте аусын деген ниетпен сол үйдің маңдайшасына немесе тұтқасына қызыл шүберекті шартты белгі ретінде іліп қоятын болған. Сырттан келе жатқан мейман қызыл шүберекті көргенде «Бұл үйде ауырып жатқан адам бар екен. Өзге үйге барайын»,-деп бұрылып кететін болған.
Жоғарыда келтірілген мысалдар барлығы күнделікті өмірімізде кездесіп тұрады. Алайда, қызыл шүберекті тек шартты белгі ретінде қолданып жүргендігін, оның ешқандай да діни сенім мен нанымға қатысы жоқтығын айтқымыз келді. Сондай-ақ,қалай болғанда да қызыл шүберек бізді ешнәрседен қорғамайды.
Жәнібек Өтегенов
Қызылорда облысы ДБ
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің теолог маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!