Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменов пен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіқадыр Ергешбаев Қызылөзек ауылдық округіне барып, сайлау нәтижесінде халық қолдауына ие болған ауыл әкімі Сәкен Әбдіжаппарды таныстырды.
Сәкен Әбдіжаппар осыған дейін де Қызылөзек ауылын басқарды. Халықпен тығыз жұмыс жасап, тындырымды істерімен тұрғындардың оң бағасын алды.
Кезекті ауылдық округ әкімінің сайлауында жоғары дауысқа ие болып, қайта сайланған азаматты таныстыру мақсатында өткен келелі кездесуде тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.
Шаһар басшысы Асылбек Шаменов ауыл әкімі Сәкен Әбдіжаппарға ардагерлер ұйымы және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасауды, осы елді мекенге қоныстануды, кәсіпкерлікті дамытуды тапсырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!