Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп, жастар арасында есірткіге қарсы акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында тантамареска қолданылды.

Есірткіге қарсы бағытталған суретке түсу үшін арнайы фотоаймақ дайындалды. Жастарға – «Біз есірткіге қарсымыз! Бізбен бірге бол!» ұрандатылған, биіктігі адам бойына сәйкес, суретке түсуге арналған стенд ұсынылды. Жастар артқы жағынан кіріп, фотоға түсуге мүмкіндік алу үшін, құрылғының ортасында арнайы кесінді әзірленді.

Қызылордада «Жастар нашақорлыққа қарсы!» акциясы өтті

Қазақстан Халық партиясының өкілдері мен полиция қызметкерлері фотоаймақты қолдана біліп, есірткіге қарсы үгіт-насихат атмосферасын орнатып, барлығын суретке түсуге шақырды. Акцияның әрбір қатысушысы фотоаймақта суретке түсіп, нашақорлық мәселесіне қатысты өзінің теріс көзқарасы мен азаматтық ұстанымын көрсетті.

Айта кету керкк, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұдайы есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Мәселен, жыл басынан бері есірткіге қарсы 186 профилактикалық іс-шара өткізілді. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!