ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қызылорда қаласы Астана даңғылы №46 мекен-жайы бойынша орналасқан ХҚКО-ның бөлімшесінде көрсететін қызметтерге жарнаманың мазмұны бар, мекенжайы мен көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілген фото таратылды, атап айтқанда ХҚКО жылжымайтын мүлікті сатып алу, айырбастау және сыйға тарту шарттары бойынша мәмілелерді ресімдейтін жарнама парақшасы қызмет көрсету терезесінде және ХҚКО қызметкерлерінің алдында орналасқаны көрсетілген.
Атап айтқанда жарнаманың мазмұныңда «Жылжымайтын мүлікті сатып алу, айырбастау және сыйға тарту шарттары бойынша көрсетілетін қызмет түрі» Нотариуста шарт құны – 45000 тг, ал бізде (цонда) 12500 тг делінген.
Өз кезегінде, осы жарнама арқылы нотариустардың беделін түсіруге алып келеді және нарық субъектісінің өзі өндіретін және өткізетін тауарларды нарықтың басқа субъектілері өндіретін және өткізетін тауарлармен дұрыс салыстырмау сипаты анық байқалады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының жауабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №418 бұйрығына (бұдан әрі – №418 Бұйрық) сәйкес, Қызылорда облысы бойынша филиалы арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алу, айырбастау және сыйға тарту шарттары бойынша көрсетілетін қызмет түрі жүргізіледі және №418 бұйрық негізінде тарифтік құны бекітілген делінген. Яғни бұл қызмет түрін ХҚКО көрсетеді.
Аталғандардың негізінде Қызылорда облысы бойынша филиалының іс-әрекеттерінен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабындағы 1 тармағы және 2 тармағының 14 тармақшасында көзделген жосықсыз бәсекелестіктің бұзушылық белгілеріне жол бергені анықталды.
Осыған байланысты, Кодекстің 199-бабының 1-тармағына сәйкес, нарық субъектілерінен жосықсыз бәсекелестіктің әрекеттері (әрекетсіздігі) белгілері болған кезде, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне, әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.
Осы ретте, Департаментпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалына монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарлама шығарылды.
Бүгінгі күні хабарлама толық көлемде орындалды.

Серікұлы Бағдат,

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту

Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!