«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан көптеген профилактикалық іс-шара жүзеге асырылуда.
Полиция қызметкерлерімен айлық басталғалы 75 түрлі іс-шара өткізілсе, БАҚ мен әлеуметтік желілерде 312 жариялым жасалды.
Профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жұмағұлов Ілияс Байжұманұлы бұқара қауымға үндеу жасады.
Облыстың жедел қызмет саласының жетекшісі өз үндеуін, нашақорлық – адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт. Онымен күресте барлығымыз бірге күш біріктіруіміз керек – деп бастады.
Сонымен қатар, балаларға отбасыда дұрыс тәрбие беріп, денсаулыққа назар аударып, адами қасиеттерді ұмытпай, жаман әдеттерден аулақ болуды үйрету керектігіне назар аударды.
Жастық шақты ғасыр дертімен уламай, жан-жақты ізденіп, тұлғалық қалыптасуға бет бұрып, болашақтың іргетасын бірге қалауға шақырды.
Полиция подполковнигі І.Б.Жұмағұловтың бастамасын облысымыздың түрлі сала уәкілдері мен батыр аналар және ақсақалдар қолдап, жалғастыруда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!