Қызылорда облысында өзінің егіз сәбиін сатты деген күдікпен 44 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған егіз сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтаған.

“ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды”, – делінген полиция хабарламасында. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!